Орталықтың жаңалықтары
Орталықта Қытай дәстүрлі медицинасы кабинеті ашылды
Балаларға кешенді оңалту қызметін ұсыну аясында орталықта Қытай дәстүрлі медицинасы негізіндегі жаңа емдеу кабинеті ашылды. Кабинет жұмысының негізгі бағыты- иглотерапия (针灸) әдісі арқылы балалардың жалпы жағдайын жақсартуға және оңалту тиімділігін арттыруға бағытталған.
Емдеу қызметін тәжірибелі ребилитолог дәрігер- Мұқан Есбол жүргізеді. Ол иглотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, жоғары білікті маман.
Білімі мен кәсіби жолы:
– 2005–2011 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде педиатрия мамандығы бойынша білім алған.
– 2011–2012 жылдары Қазақстан-Ресей медициналық университетінде интернатурадан өткен.
– 2015–2016 жылдары Қытай Халық Республикасының Шыңжаң медициналық университетінде иглотерапия бойынша кәсіби даярлықтан өткен.
Жалпы еңбек өтілі- 13 жыл.
Иглотерапия саласындағы тәжірибесі- 9 жыл.
Дәрігер әр баланың жағдайына сай жеке оңалту бағдарламасын әзірлеп, тиімді және дәлелді медициналық тәсілдерді қолданады.