Орталықтың жаңалықтары
Ұлттық балаларды оңалту орталығының дәрігері Жанна Медетбекова Президент қолынан мемлекеттік марапат алды
Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, функционалдық диагностика саласының майталманы Медетбекова Жанна Әкімбекқызы медицина қызметкерлері күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасына ие болды.
Аталған марапат - Ұлттық балаларды оңалту орталығының ұжымы үшін үлкен мәртебе, мыңдаған балаға үміт сыйлап келе жатқан кәсіби маманның ұзақ жылғы еңбегіне берілген әділ баға.
Жанна Әкімбекқызының медицина саласындағы еңбек өтілі 35 жылдан асады. Кәсіби жолын Алматы облысында неонатолог-дәрігер ретінде бастаған ол бүгінде педиатрия, неврология және реабилитология бағыттарында табысты еңбек етіп келеді.
Қазіргі таңда орталықтағы роботталған оңалту, нейрофизиология және сурдология бөлімшесінде жұмыс істей отырып, халықаралық тәжірибе мен заманауи технологияларды күнделікті практикаға енгізуде.