8 (7172) 267-107
CALL орталығы
511-555, 511-612, 87007530309
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

2024 жылғы 25–28 қыркүйек аралығында Астана қаласында «Неврологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалтудың мультидисциплинарлық тәсілі» атты Халықаралық конференция өтті. Іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының эпилепсия және басқа да неврологиялық аурулар жөніндегі Ғаламдық іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырылды.

Конференцияны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ және «Астана медицина университеті» КеАҚ бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ), халықаралық және қазақстандық медициналық ұйымдардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші штаттан тыс мамандары, сондай-ақ Израиль, Үндістан, Испания, Италия, Қытай, Түркия, Франция және басқа елдерден келген халықаралық сарапшылар қатысты.

Секциялық сессиялар келесі бағыттарды қамтыды:

  1. Пәнаралық неврология (ауырсынуды басқару, сөйлеу және қозғалыс бұзылыстары);
  2. Эпилепсия және пароксизмалды бұзылыстар;
  3. Орфандық, демиелинизациялық және аутоиммундық аурулар;
  4. Оңалтудың мультидисциплинарлық тәсілі;
  5. Ерте араласу;
  6. Оңалтудың диетотерапиясы;
  7. Дамуында ауытқуы бар балаларды оңалту (аутизм, ПДК);
  8. Әлеуметтік-педагогикалық оңалту.

Санаторлық-курорттық емдеу және медициналық оңалту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тақырыптық сессиялар шеңберінде мынадай негізгі бағыттар қарастырылды:

  • Қазақстандағы денсаулықты сақтау стратегиясы және денсаулық сақтау жүйесіндегі санаторлық-курорттық саланың рөлі;
  • Санаторлық-курорттық емдеу және медициналық оңалтудың үздік халықаралық тәжірибелері, шетелдік серіктестермен тәжірибе алмасу;
  • Табиғи емдік ресурстар және оларды оңалтумен үйлестіре қолдану: зерттеу тәсілдері мен тәжірибелік қолдану әдістері.

2024 жылғы 27 қыркүйекте «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ базасында халықаралық сарапшылардың қатысуымен мастер-класстар өткізілді. Бағдарлама аясында психомоторлық терапия бойынша тәжірибелік курс ұйымдастырылып, оны Франциядағы Психомоторлық терапияның жоғары институтының (ISRP) өкілдері Франсуаза Жиромини мен Северин Бекье жүргізді. Сондай-ақ, дәстүрлі қытай медицинасы бойынша мастер-класс өтті, оны доктор Дзя Джунлин (ҚХР) және доктор Сара Жасланқызы өткізді. Қазақстандық тәжірибені сертификатталған мінез-құлық талдаушысы Жанна Калиева (Қазақстан) ұсынып, аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалардың ата-аналарына арналған тренинг өткізді.

Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мен спикерлерге сертификаттар табысталды. Қазақстан Республикасында мультидисциплинарлық оңалтуды одан әрі дамытуға бағытталған резолюция қабылданды. Сонымен қатар, конференция нейрооңалту саласындағы кәсіби қауымдастықты нығайтуға және ведомствоаралық, халықаралық ынтымақтастықты жалғастыруға септігін тигізді.

  • 240925-1
  • 240925-106
  • 240925-124
  • 240925-135
  • 240925-273
  • 240925-3
  • 240925-307
  • 240925-311
  • 240925-345
  • 240925-407
  • 240925-445
  • 240925-52
  • 240925-85
  • 240925-87
  • 240926-198
  • 240926-206
  • 240927-305
  • 240927-308
  • IMG_5849
200.png
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.