Конференция
2025 жылғы 28 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) «Реабилитация – 2030» жаһандық іс-қимыл жоспарын іске асыру аясында, реабилитациялық қызметтерді ұлттық денсаулық сақтау жүйелеріне біріктіруге бағытталған, «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ ұйымдастыруымен «Балаларды оңалтудағы инновациялық тәсілдер: технологиялардан нәтижелерге дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция бағдарламасы 5 ғылыми секция мен бір пленарлық сессияны қамтыды, барлығы 35 баяндама ұсынылды. Баяндамалар мультидисциплинарлық тәсіл, нейрооңалту, роботтандырылған технологиялар, психологиялық-педагогикалық түзету және басқа да өзекті бағыттарды қамтыды.
Секциялардың тақырыптары қазіргі балаларды оңалтудың негізгі бағыттарын қамтыды:
- Пленарлық сессия: «Кешенді оңалту көмегінің халықаралық тәжірибесі»
- Секция: «Ерте кешенді оңалтудағы мультидисциплинарлық тәсіл»
- Секция: «Роботтандырылған технологиялар және физикалық медицина мен оңалту мүмкіндіктері»
- Секция: «Кешенді нейрореабилитация: мультидисциплинарлық тәсіл»
- Секция: «Іргелі зерттеулер»
- Секция: «Балаларды психологиялық-педагогикалық түзету және әлеуметтік бейімдеу: «Асыл Мирас» орталығының тәжірибесі»
Конференцияға Қазақстанның 15 өңірі мен шетелдерден барлығы 518 маман қатысты, оның ішінде:
- 418 қатысушы – офлайн,
- 100 қатысушы – онлайн форматта.
Конференцияның құрметті қонақтары – Австралия, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Франция және Филиппиннен келген шетелдік сарапшылар, сондай-ақ ДДҰ мен ЮНИСЕФ өкілдері болды. Беларусь, Түркия және ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының сарапшылары онлайн баяндамалар жасады.
Іс-шараның практикалық бөлігіне ерекше назар аударылды — 29 мамырда 11 мастер-класстар өткізілді, оған 335 тыңдаушы қатысты. Мастер-класстарды халықаралық және қазақстандық сарапшылар жүргізді, олардың қатарында:
- Авдюнина Ирина Александровна (Ресей)
- Франка Пантэ (Италия)
- Северин Бекье (Франция)
- Петра Магерл (Австралия)
- Доктор Гао Фэн және Доктор Сюе Дзюнь Лон (ҚХР)
- Короткова Нина Владимировна (Франция)
- Медетбекова Жанна Акимбековна
- Аманжол Даулеткерей
- Ибрагимова Мадина
- Ахмедьянова Нургуль Каркеновна
- Каладинова Тойдык Ибрашевна
- Спанова Роуза Биржановна
- Сафина Альфия Нагимовна
- Умбетова Жанна Ериковна
- Баймаганбетова Дана Токшилыковна
- Чувашев Юрий Юрьевич
- Орынбасаров Султан Еркебұланұлы
- Ахметов Жаслан Назынбекович
Өткізілген мастер-класстар:
- Нейрореабилитациядағы жаңа технологиялар мен инновациялар;
- Robowalk® эксандер реабилитациялық жүйесін қолдану;
- Медициналық, коррекциялық оңалтуда биологиялық кері байланыс әдісін қолдану;
- Постуральды басқару туралы түсінік. Ассистивті құралдарды таңдаудың негізгі ережелері;
- Нейродамудың бұзылыстарын ерте диагностикалау. Бағалау шкалалары;
- A.M.E. терапиясының негізгі дағдылары: ерте араласудың үздік тәжірибесі;
- ESDM бағдарламасындағы ойын үрдісін құру. Ойнап үйрену;
- Аутизм спектрінің бұзылуында ДҚМ әдістерін клиникалық қолдану. Балалардағы асқазан ішек ауруларын емдеудегі дәстүрлі қытай медицинасы;
- Дисфагияны (жұту бұзылыстарын) басқару;
- Неврологиялық және басқа ауруларда кетогенді диета қолдану;
- «Көмектесушілерге көмек көрсету».
Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мен спикерлерге сертификаттар табысталды. Конференция дәстүрлі үлгіден инновацияға негізделген оңалту жүйесіне көшу маңыздылығын көрсетті, мұнда технологиялар баланың және оның отбасының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нәтижеге жұмыс істейді. Қатысушылар Қазақстан мен Орталық Азияда балаларды оңалтудың кадрлық әлеуетін, инфрақұрылымын және технологиялық экожүйесін дамытуға және серіктестікті нығайтуға шақырды.