«ҰЛТТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» КеАҚ-қа КВОТА АЛУ ТӘРТІБІ
Пациенттерді «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ емдеуге жатқызуды ұйымдастырумен (кезек бойынша жолдама беру, порталға қою, квота беру) облыстық денсаулық сақтау басқармалары айналысады.
- МСАК медициналық ұйымы (бұдан әрі - Емхана) «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ (бұдан әрі - ҰБОО) жағдайында оңалту емін қажет ететін диагнозы бар, динамикалық бақылаудағы балаларды ҰБОО-да оңалту емін алу үшін Пациенттер тізіміне (кезегі бойынша) енгізеді.
- Емхана ай сайын Денсаулық сақтау басқармасына (бұдан әрі - ДСБ) ҰБОО жағдайында оңалту емін алу үшін жіберілетін пациенттердің тізімін беріп отырады.
- ДСБ ҰБОО-да ай сайын бөлінетін орын санын, оларды кезектілігін, Емханада тіркелген балалардың санын (емхананың қуатын) ескере отырып, квотаны бөледі.
- Емхана Квотаны алғаннан кейін ДСБ танысуы үшін пациенттің амбулаториялық картасынан үзінді-көшірме (ф.052/у) дайындайды.
- ДСБ пациенттердің жалпы тізімі мен карталарының үзіндісін келісу үшін ҰБОО поштасына жолдайды.
- Тізім ҰБОО-мен келісілгеннен кейін, ДСБ Балалардың тізімін Емдеуге жатқыру бюросы порталына енгізеді, емдеуге жатқызу үшін Емханаларға жолдама береді, Емханалар жолдама бойынша балаларды ҰБОО-ға оңалту емін алуға жібереді.
- ДСБ оңалту емін алу үшін жіберген балаларды ҰБОО тізім бойынша қабылдайды.