8 (7172) 248-245
CALL орталығы
511-555, 511-562, 87085036573
Тіркеу бөлімі
Тұран даңылығы, 36
Астана қаласы

Ерекше балалардың болашағы үшін 10 елден 300-ден астам маман Астанаға жиналды

28 мамырда Астана қаласындағы Назарбаев Орталығында «Балаларды оңалтудағы инновациялық тәсілдер: технологиялардан нәтижелерге дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шараны Ұлттық балаларды оңалту орталығы ұйымдастырды.

Қазақстанның 20 өңірі мен 10 елден, соның ішінде Қазақстан, Қытай, Франция, Италия, Аустралия, Үндістан, ТМД елдері, Түркия, Қырғызстан және Ресейден келген 300-ден астам маман балалардың өмір сапасын жақсарту мақсатында бас қосты.

Конференцияны ашқан Басқарма Төрағасы Ажар Ғиният құттықтау сөзін емделіп жатқан балалармен бірге сахнаға шығып айтты. Бұл орталықтың - оңалту көмегінің нақты нәтижесін көрсететін жарқын сәт болды.

«Балалар - біздің шабытымыз, үнемі дамуымыздың басты себебі», – деп атап өтті.

Шара барысында оңалтудың ғылыми және технологиялық жетістіктері таныстырылып, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.

Конференция барысында:

  • орталықтың ресми маскоты - АЛАН есімді маскот көпшілікке алғаш рет таныстырылды. Бұл кейіпкерді балалардың өздері таңдаған;
  • алғаш рет іс-шарада жасанды интеллект модератор ретінде қатысты;
  • экзоскелеттерден бастап нейрокогнитивтік оңалтуға дейінгі 6 ғылыми бағыт талқыланды;
  • ДДСҰ-ның «Rehabilitation 2030» жаһандық бастамасын қолдайтын резолюция қабылданды.

Бұл конференция тәжірибе алмасу ғана емес, ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмір сапасын арттырудағы нақты қадам болды.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6

Сұрақ қою

Защитный код
Қайтадан

logo-footer.png
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.