87085036573   

8(7172)267-107
CALL орталығы
511-555, 511-612, 87085036573
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

Ақылы қызмет көрсету бағасының прейскуранты (pdf форматында)


Ақылы оңалту 

Оңалтуды ертерек бастаудың маңызы неде?

 

  1. Күттірмейтін көмек.

Мемлекеттік квотаның кезегін күту қымбат уақытыңызды алуы мүмкін. Оңалтуды дер кезінде бастаудың маңызы  зор болғандықтан, сіздер Орталықтың ақылы қызметтерін пайдаланып, оңалтуды бірден бастап кете аласыздар.

  1. Ерте бастау - елеулі нәтиженің кепілі.

Балаға неғұрлым ерте көмек көрсетілсе, оның даму, бейімделу және қалпына келу мүмкіндігі де соғұрлым арта түседі.

  1. Ерекшелігін ескере отырып, кешенді тәсіл қолдану.

Біз әр балаға ерекшелігі мен қажеттілігіне қарай жеке бағдарлама әзірлейміз.

Ақылы қызмет - бұл күтуге уақыт жоғалтпай, бірден әрекет ету мүмкіндігі. Балаңыздың болашағы бүгіннен басталады!

 

Ақылы оңалту бөлімшесі

Ұлттық балаларды оңалту орталығының ақылы бөлімшесі денсаулығы мен дамуында түрлі бұзылыстары бар балаларға жоғары сапалы медициналық және түзету-дамыту қызметтерінің кең ауқымын ұсынады.

Біз заманауи әдістерді, инновациялық технологияларды және мультипәндік тәсілді қолдана отырып, әр балаға жеке оңалту жоспарын ұсынамыз.

 

Біздің мамандарымыз:

Орталықта жоғары білікті мамандар қабылдайды және терапия жүргізеді:

  • Невролог
  • Реабилитолог
  • Педиатр
  • Сурдолог
  • Физиотерапевт
  • Рефлексотерапевт
  • Войта-терапевт
  • Бобат-терапевт
  • Ортезист
  • ЕДШ нұсқаушы
  • Гидрокинезотерапевт
  • Массажист
  • Психолог
  • Логопед
  • Дефектолог
  • Сурдопедагог
  • Эрготерапевт
  • Музыка-терапевт
  • Ойын-терапевт
  • Монтессори-педагог

және басқа да бейінді мамандар.

 

Оңалтудың инновациялық әдістері:

  • Біз баланың қозғалыс, когнитивті және сөйлеу функцияларын қалпына келтіруге бағытталған халықаралық озық технологияларды енгіземіз:
  • Локомат (Lokomat) – роботтандырылған жүру терапиясы
  • Космос (Kosmos) – нейродамыту және стабилометрия тренажері
  • Хэнд-тьютор (HandTutor) – ұсақ моториканы дамыту
  • Армео (Armeo) – қолды жаттықтыруға арналған кері байланысы бар құрал
  • БОС-тренинг (Биологиялық кері байланыс) – организмнің өзін-өзі реттеуін қалпына келтіруге арналған жаттығулар 

Неліктен бізді таңдайды:

  • Кешенді пәнаралық тәсіл
  • Оңалтудың жеке бағдарламасы
  • Әлемдік деңгейдегі заманауи жабдық
  • Жайлы және мейірімді атмосфера
  • Отбасын қолдау және ата-аналарды терапия үдерісіне тарту

Қалай жазылуға болады:

Толық ақпарат алу үшін және ақылы қызметке жазылу үшін мына телефонға хабарласуға болады: +7 708 503 65 73

 

 

200.png
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp instagram youtube facebook Запись на консультацию