Біздің конференцияларымыз

Конференция
2026
2026 жылғы 28-29 мамыр күндері «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ базасында балаларды медициналық оңалту, физикалық медицина, мейіргер ісі, педагогика және ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қолдау саласындағы жетекші мамандарды, сондай-ақ ғылыми-академиялық қауымдастық, қоғамдық қорлар мен ата-аналар ұйымдарының басын қосқан «Балаларды оңалтудағы пәнаралық диалог» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция
2025
2025 жылғы 28 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) «Реабилитация – 2030» жаһандық іс-қимыл жоспарын іске асыру аясында, реабилитациялық қызметтерді ұлттық денсаулық сақтау жүйелеріне біріктіруге бағытталған, «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ ұйымдастыруымен «Балаларды оңалтудағы инновациялық тәсілдер: технологиялардан нәтиже
лерге дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция
2024
2024 жылғы 25–28 қыркүйек аралығында Астана қаласында «Неврологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалтудың мультидисциплинарлық тәсілі» атты Халықаралық конференция өтті. Іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының эпилепсия және басқа да неврологиялық аурулар жөніндегі Ғаламдық іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырылды.



