87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі - Қоғамның медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.

Қызметтің негізгі міндеттері

  • Қоғамның медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметін үйлестіру;
  • Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағыттау;
  • Пациенттің үмітін қанағаттандыруға бағыттау;
  • Қоғам қызметін талдау нәтижесі бойынша жұмыстағы кемшіліктердің алдын алуға және жоюға бағытталған іс-шаралар әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау;
  • Әр қызметкердің медициналық көмектің сапасы мен пациенттің қауіпсіздігін үздіксіз арттырып отыру процесіне қатысуы;
  • Медициналық қызметтердің сапасы мен пациенттің қауіпсіздігі саласындағы міндеттер мен мәселелерді шешудегі жүйелі тәсіл;
  • Қоғамды халықаралық және ұлттық аккредиттеу рәсіміне дайындау.

Егер сіз медициналық көмектің тәртібі мен сапасына қатысты мәселелерге тап болсаңыз, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне хабарласуыңызға болады. Бөлім сарапшылары Сіздің өтінішіңізді қарайды және мәселені Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуге көмектеседі.

Сондай-ақ, жазбаша өтінішті әр құрылымдық бөлімшеде немесе бірінші қабаттағы тіркеу бөлімінің жанында орнатылған «Шағымдар мен ұсыныстарға арналған» жәшікте қалдыра аласыз.

Орталығымыздағы медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға ықпал ететін өтініштеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Қосжанова Гүлзира Әбдіқызы - Қызмет басшысы

Мұсағалиева Қарлығаш Ксатайқызы - аға дәрігер сарапшы

Қасымова Мадина Болатқызы - жетекші маман

 

Бөлімнің байланыс номері

2-қабат, кабинет XIII 02 009E

Телефон: 87172511545

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию