«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ 2026 жылғы 04 қыркүйек пен 17 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленген білім беру бағдарламаларының (бұдан әрі – ББ) жобаларын көпшілік талқылауға ұсынады.
Сіздерді екі тілде ұсынылған 3 білім беру бағдарламасының жобаларын қарап, комментарийлерде осы білім беру бағдарламалары бойынша ұсынымдарыңызды ұсынуға шақырамыз.
Бағдарламалар жүктеп алуға қол жетімді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың, орта білім беру ұйымдарының, түзету мектептерінің, оңалту орталықтарының, ПМПК педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы.
Психологтардың, дефектологтардың, логопедтердің, кәсіби терапевттердің, БДШ нұсқаушыларының, педагогтардың, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарының, түзету педагогтарының, инклюзивті білім беру мамандарының, түзету және оңалту орталықтарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы.
Мектепке дейінгі ұйымдардың, орта білім беру ұйымдарының, түзету мектептеріңің, оңалту орталықтарының, ПМПК педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы.



