Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі - «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ (бұдан әрі - Қоғам) басқару органы. Директорлар кеңесі Қоғамның стратегиялық мақсаттарын, басым бағыттарын айқындайды, Қоғамның ұзақ мерзімді перспективадағы негізгі қызметінің бағыт-бағдарын белгілейді. Директорлар кеңесі Қоғам мен Басқарманың қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 177-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жарғысының 35-тармағының 5) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2026 жылғы 17 шілдедегі хаты негізінде және «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» 2026 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына сәйкес, «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің құрамы 6 (алты) адамнан белгіленді.
Қоғам Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш (3) жыл.
Қоғам Директорлар кеңесіне мыналар сайланды:
1) Манас Ембергенұлы Рамазанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
2) Ажар Ғиният - Қоғам Басқармасының төрағасы;
3) Мамыр Қуанышқызы Карибаева - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс департаментінің бас сарапшысы;
4) Нариман Мәлісұлы Әбсәметов - тәуелсіз директор;
5) Забира Жандарқызы Оразалиева - тәуелсіз директор;
6) Ермек Аманғазынұлы Ясылов - тәуелсіз директор.









