8 (7172) 248-245
CALL орталығы
511-555, 511-562, 87085036573
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

«Балаларды оңалтудың инновациялық тәсілдері: технологиядан нәтижеге дейін» халықаралық конференция

29 мамырда Астанада халықаралық сарапшылардың мастер-класстары өтеді! «Балаларды оңалтудың инновациялық тәсілдері: технологиядан нәтижеге дейін» атты халықаралық конференция аясында практикалық мастер-классқа қатысуға шақырамыз. 

Іс-шара 29 мамыр күні Астана қаласындағы Ұлттық балаларды оңалту орталығында өтеді.

Мастер- класс тақырыптары мен спикерлері:

  • Дисфагияны басқару
    Авдюнина Ирина Александровна — медицина ғылымдарының кандидаты, невролог, жұту бұзылыстары бойынша маман (Ресей)
  • Көмек көрсетушілерге қолдау көрсету
    Короткова Нина Владимировна — клиникалық психология докторы, нейропсихология маманы, (Берк, Франция)
  • Аутистік спектрдің бұзылыстары кезінде дәстүрлі қытай медицинасын клиникалық қолдану
    Сюе Дзюнь Лон (Xue Jun Long) —(Қытай)
  • Балалардағы асқорыту жүйесі ауруларын емдеуде дәстүрлі қытай медицинасы
    Гао Фэн (Gao Feng) — Сиань клиникасының сарапшысы (Қытай)
  • Нейрооңалтудағы жаңа технологиялар мен инновациялар
    Франка Панте — Париж, Франция
  • Еңбек терапевтеріне арналған ойын терапиясы
    Петра Магерль — Австралия
  • Неврологиялық және басқа да ауруларды оңалтудағы кетогенді диета
    Медетбекова Жанна — Ұлттық балаларды оңалту орталығы (Қазақстан)
  • Постуральды менеджмент және көмекші құралдарды таңдау
    Аманжол Даулеткерей — «ҰБОО» ортопедиялық құралдарды үлгілеу зертханасының меңгерушісі
    Ибрагимова Мадина — Ottobock компаниясының өкілі
  •  Биологиялық кері байланыс (БКБ) әдісін медициналық және түзету оңалтуда қолдану
    Ахмедьянова Нургүл Каркенқызы — психотерапевт, БКБ кабинеті, роботтандырылған оңалту зертханасы, ҰБОО
    Каладинова Тойдық Ибрашқызы — реабилитолог-дәрігер, БКБ кабинеті, ҰБОО
    Спанова Роуза Біржанқызы — логопед, әлеуметтік-педагогикалық оңалту бөлімі, ҰБОО
    Сафина Әлфия Нәгімқызы — логопед, әлеуметтік-педагогикалық оңалту бөлімі, ҰБОО
  • ESDM элементтерімен ойын процесін құру: бірге ойнап үйренеміз
    Умбетова Жанна Еріковна, Баймағанбетова Дана Төкшілықызы — Булат Өтемұратов Қорының Ресурстық орталығының тренер-преподавательдері
  • Нейроөсу бұзылыстарын ерте диагностикалау: бағалау шкалалары
    Северин Беккье — Франция

Оңалту саласындағы жетекші халықаралық сарапшылардан тәжірибелік білім алуға таптырмас мүмкіндік!

 

200.png
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.