8 (7172) 248-245
CALL орталығы
511-555, 511-562, 87085036573
Тіркеу бөлімі
Тұран даңылығы, 36
Астана қаласы

Балалар күні - ерекше балаларға арналған ерекше тартулар

2025 жылғы 2 маусымда Ұлттық балаларды оңалту орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн балалар үшін қуанышқа, мейірімге және жарқын естеліктерге толы ерекше сәттермен есте қалды.

Жаңа спорт алаңы - қозғалыс пен белсенді демалысқа жол

Іс-шара аясында орталық ауласында заманауи спорт алаңы салтанатты түрде ашылды. Бұл игі бастама- Нұрсұлтан Назарбаев Қорының орталыққа жасаған құнды тартуы. Енді балалар таза ауада еркін ойнап, дене шынықтырумен айналысып, белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндік алады. Ең бастысы-  әрбір бала өз мүмкіндігін шыңдап, чемпион сезінуге жағдай жасалды.

Жаңа автобус - жаңа мүмкіндіктер кеңістігі

Мерекеде орталыққа жаңа автобус сыйға тартылды. Бұл- есімін атамауды қалаған қайырымды жанның жүрекжарды тартуы. Жаңа көлік құралы арқылы балалар танымдық экскурсияларға, мәдени іс-шараларға еш қиындықсыз қатыса алады. Бұл- балалардың әлеуметтенуіне және тұлғалық дамуына жасалған маңызды қолдау.

Халық банкінен тартулар

Мерекеге орай Халық банкі орталық пациенттеріне арнайы сыйлықтар әзірлеп, мейрамның шырайын аша түсті. Балаларға қуаныш пен шаттық сыйлаған бұл тартулар- нағыз қамқорлықтың белгісі деп білеміз.

Іс-шара барысында балалар үшін арт-терапия сессиялары, шығармашылық шеберлік сағаттары, аниматорлармен көңілді ойындар мен танымдық белсенділіктер ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер асфальтқа сурет салып, еркін ойнап, мейрам атмосферасын толық сезінді.

Ұлттық балаларды оңалту орталығы атынан Нұрсұлтан Назарбаев Қорына, Халық банкіне және шараның жүзеге асуына үлес қосқан барлық жанашыр азаматтарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

  • IMG_8146
  • IMG_8149
  • IMG_8150
  • IMG_8152
  • IMG_8156
  • IMG_8157
  • IMG_8160
  • IMG_8161
  • IMG_8163
  • IMG_8166
  • IMG_8167
  • IMG_8168

 

200.png
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.