87085036573   

8(7172)267-107
CALL орталығы
511-555, 511-612, 87085036573
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР

«Ұлттық балаларды оңалту орталығына»!”

Әр ата-ана үшін баласы ем алып, оңалтудан өтетін орынның сенімді болғаны аса маңызды. Сол себепті Сіздер үшін Орталығымызға ашық әрі көрнекі түрде шолу жасауды жөн көрдік. Виртуалды саяхатқа қосылып, бізде қауіпсіз, жайлы және шынайы қамқорлық бар екеніне көз жеткізіңіз.

Алғашқы танысу

 
Сізді кіреберісі ыңғайлы әрі жасыл желекке оранған Орталық ғимараты қарсы алады. Мұнда қауіпсіздік пен жайлылық үшін барлық жағдай жасалған. Есіктен енген сәттен-ақ  бұл жерде балаларға ғана емес, ата-аналарға да қолдау көрсетілетінін сезіне бастайсыз.

Холл арқылы тіркеу бөліміне өтесіз. Мұнда әкімші қызметкерлері Сізді күлімдеп қарсы алады, сұрақтарыңызға жауап береді, орналасу тәртібін және алда не күтіп тұрғанын түсіндіреді.

Орталықтың барлық аумағында орнатылған айқын көрсеткіштер арқылы қажетті бөлімшені немесе ойын аймағын оңай таба аласыз.
 

Пациенттер қайда тұрады?

Көмектесетін емшаралар


Оңалту шаралары әр баланың жеке қажеттілігіне сай тиімді әрі қауіпсіз өтуі үшін Орталығымыз заманауи құрылғылармен жабдықталған. Әр әдістің өзіндік мақсаты мен әсері болатындықтан, біз жұмыс бағыттарын жеке бөліп көрсетеміз.


 

Физикалық медицина және оңалту бөлімі

 

 

Бұл бөлімде балаңыз келесі емшараларды ала алады:

- шарко душы;
- інжу және тұзды ванналар;
- ультрадыбыстық терапия;
- суасты душ-массажы;
- тұзды бөлмеге бару;
- инструктормен бассейнде жаттығу (3 бассейн, соның ішінде сәбилерге арналған шағын бассейн бар);
- жеке және топтық емдік дене шынықтыру (ЕДШ) сабақтары;
- жалпы, жергілікті және нүктелі массаж;
- оттекті коктейль;
- электрмен емдеу (импульстік ток, индуктотермия, магнит терапиясы, электрмен ұйықтату);
- транскраниалдық магниттік стимуляция (ТМС);
- биоптрон-терапия;
- жылу және балшықпен емдеу;
- ингаляция.

 

Бұл емшаралар баланың ағзасын жалпы нығайтуға, жарақаттан кейін қалпына келтіруге, зақымдалған аймақтарын ынталандыруға, қан және лимфа айналымын, тепе-теңдікті, тыныс алу мен жалпы жағдайын жақсартуға бағытталған.

Роботтандырылған оңалту зертханасы
Ортездеу және модельдеу зертханасы
Дамыту және оқыту
Тамақтану
Демалыс және қуаныш

Біз әрдайым қолдауға дайынбыз!


Егер Сіз балаңызға шын мәнінде көмек көрсететін, оны қолдайтын және қалпына келуіне жағдай жасайтын орын іздесеңіз —  біз қолдауға дайынбыз!


Маңызды мәселені кейінге қалдырмаңыз. Бізге хабарласыңыз — Орталықтың мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат береміз, сұрақтарыңызға жауап береміз әрі жазылуға көмектесеміз:


+7 708 503 65 73 
Whatsapp+7 700 753 03 09


 


Балаңыздың денсаулығын қалпына келтіруді және дамытуды бүгіннен бастаңыз!

200.png
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp instagram youtube facebook Запись на консультацию