87085036573   

8(7172)267-107
CALL орталығы
511-555, 511-612, 87085036573
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Медициналық оңалту» (балалар) бағыты бойынша республикалық деңгейде үйлестіру қызметін жүзеге асырады

«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Медициналық оңалту» (балалар) бағыты бойынша республикалық деңгейде үйлестіру қызметін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №131 бұйрығын («Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы») орындау аясында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ҰБОO-ның бейінді мамандары – ФМО дәрігерлері (реабилитологтар), невропатологтар, түзету-әдістеме бөлімнің психологтары – Жамбыл, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының медициналық ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетті.

Ұйымдастыру-әдістемелік көмек шеңберінде бейінді мамандар сала бойынша нормативтік құқықтық актілерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №65 бұйрығына  («Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы») енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылады.

2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына «Оңалту көмегін көрсететін мамандарын оқыту, оның ішінде медициналық оңалтуда тіршілік әрекеті мен денсаулықтың жұмыс істеуінің, шектелулерінің халықаралық сыныптамасы (ЖХС) қолдану» тармағы енгізілді. Осыған орай өңірлерде бейінді мамандар ХЖС-ны практикада қолдану бойынша кіріспе дәрістер өткізді.

Сонымен қатар келесі өзекті тақырыптар бойынша білім беру іс-шаралары ұйымдастырылды:

  • «Ботулинотерапия», «Постуралды менеджмент. Оңалтуға арналған техникалық құралдарды іріктеудің негізгі қағидалары» бойынша шеберлік сабақтар,
  • «Аутизм диагнозы қойылған балаларды түзетудің инновациялық әдістері. Түсінігін қалыптастыру» тақырыбында дәрістер,
  • «Арнайы білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған ойын терапиясы» және «Балаларды оңалтудың сенсорлық интеграциясы»,«Балалардың жүйке-психикалық дамуы» атты семинарлар.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бейінді мамандар келесі жұмыстарды атқарды:

  • 10 өңірге іссапарға барды;
  • балаларға медициналық оңалту қызметін көрсететін облыстық және аудандық деңгейдегі 49 ұйымға барып, әдістемелік көмек көрсетті;
  • 31 балаға кеңес беріп, оңалту іс-шараларының көлемі, түрі және мерзімін көрсете отырып, әрі қарайғы оңалту жоспарын ұсынды;
  • 494 тыңдаушы қамтылған 30 білім беру іс-шарасын, оның ішінде ҚХЖ бойынша 10 іс-шара өткізді.

2025 жылдың екінші жартыжылдығында өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету жұмыстары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 23 маусымдағы №403 жаңа бұйрығы («Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы») аясында жалғаса береді.

Іссапарға барған бейінді мамандар:

1. Кенжебекова Мейрамгүл Өміртайқызы – невропатолог дәрігер, ҰБОO психоневрология бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облысында ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетті.


2. Шакенов Мейрам Жамбылұлы – нейрореабилитолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, ҰБОO стратегиялық даму және маркетинг бөлімінің басшысы, Атырау облысында ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетті.


3. ҰБОО түзету-әдістемелік бөлімінің психологі Қалиакпарова Айдана Шакерғалиқызы БҚО-да


4. ҰБОО физикалық медицина және оңалту бөлімінің меңгерушісі Искулова Асыл Ергазиевна СҚО-да


5. ҰБОО түзету-әдістемелік бөлімінің әдіскері Тұрдалиева Арайлым Сансызбайқызы Түркістан облысында


6. ҰБОО түзету-әдістемелік бөлімінің психологі Биболдина Жұлдыз Алпысбайқызы Ақмола облысында


7. ҰБОО түзету-әдістемелік бөлімінің психологі  Қазбекова Айназ Айтқазықызы ШҚО-да


8. ФМО дәрігері, ҰБОО Модельдеу және ортездеу зертханасының меңгерушісі Аманжол Дәулеткерей  Шымкент қаласында


9. Невролог дәрігер, ҰБОО психоневрология бөлімінің меңгерушісі Құдайбергенов Абдулла Суеркулұлы Қызылорда облысында


10. ҰБОО түзету-әдістемелік бөлімінің психологі Ешенгазина Айғаным Серікқалиқызы Абай облысында

 

200.png
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp instagram youtube facebook Запись на консультацию