Орталықтың жаңалықтары
Ұлттық балаларды оңалту орталығының мамандары Париждегі халықаралық конференцияға қатысты
2025 жылғы 8–11 шілде аралығында Париж қаласында «Клиникалық тәжірибеден ғылыми зерттеулерге дейін: психомоторикадағы 50 жылдық даму және жаңа қоғамдық сын-қатерлер» тақырыбында XXXVII Жазғы мектеп өтті.
Ауқымды халықаралық шараға Ұлттық балаларды оңалту орталығынан:
- басқарушы директор С. Амангелдіқызы,
- стратегиялық даму және маркетинг бөлімінің басшысы М.Ж. Шакенов,
- оңалту бөлімінің меңгерушісі А.С. Құдайбергенов қатысты.
Қазақстандық делегация атынан құттықтау сөз сөйлеген - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М.Х. Ембергенова.
Конференция барысында Франция, Италия, Қытай, Испания, Өзбекстан, Чили, Болгария сынды елдердің жетекші мамандары бас қосты. Жиын шеңберінде:
- психомоторлық терапияның заманауи тәсілдері,
- ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтудың жаңа модельдері,
- мультидисциплинарлық әдістер,
- ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Бұл халықаралық кездесу Ұлттық балаларды оңалту орталығы үшін жаңа білім көзіне, тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды кеңейтуге тамаша мүмкіндік болды.
Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, орталық оңалту саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді енгізуді алдағы уақытта да жалғастырады.