87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай орталығымызда ерекше көңілді КВН кеші өтті

    Бұл кештің ерекшелігі — біздің өз қызметкерлеріміздің сахнаға шығып, өнер көрсетуінде болды. Олар тек өз ісінің шебері ғана емес, сонымен қатар тамаша әзіл айтып, көрермендерді күлкіге бөлей алатын жан-жақты тұлғалар екенін көрсетті.

    Кештің басында мейірбикелерімізге арнайы алғыс хаттар мен грамоталар табысталып, олардың еңбегіне деген шынайы құрмет білдірілді.

    КВН өте жоғары көңіл-күйде, шулы күлкі мен жылы эмоцияға толы жағдайда өтті.

    Біздің ұжымдағы әріптестеріміз — тек кәсіби мамандар ғана емес, бір-біріне жанашыр, көңілді орта қалыптастыра алатын жандар. Сол себепті де біздің орталықта әрдайым жылылық пен жайлылық сезіледі.

    Кеш соңында үздік командалар мен қатысушылар марапатталып, қошеметке бөленді.

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию