87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

"Ұлттық балаларды оңалту орталығы" КЕАҚ-ға емдеуге жатқызу үшін қажетті құжаттардың тізбесі


Мемлекеттік Бас санитар дәрігерінің Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы 2026 жылғы 19 ақпандағы №3 қаулының негізінде балаларды стационарға жоспарлы түрде жатқызу тек қызылшаға қарсы вакцинациясы болған жағдайда ғана жүргізіледі.

1. Қызылшаға қарсы профилактикалық екпе жоспарлы емдеуге жатқызғанға дейін кемінде 21 күн бұрын салынуы керек.

2. Бала Ұлттық екпелер күнтізбесіне сәйкес бұрын қызылшаға қарсы екпе алған болса, қайта егу талап етілмейді.

Бұл жағдайда екпенің бар екенін растайтын құжатты немесе eGov жүйесінен QR-коды бар екпе паспортының көшірмесін ұсыну қажет.

3. Балада екпеге қатысты ресми медициналық қарсы көрсетілім болса, амбулаторлық картадан қарсы көрсетілімді растайтын үзінді көшірме ұсыну қажет.

Аталған құжатқа емхананың емдеуші дәрігерінің, емхана меңгерушісінің және реабилитолог дәрігердің қолы қойылып, мөрмен расталуы қажет.

4. Баланы алып жүретін адамнан, яғни күтушіден вакцинация талап етілмейді. Қаулыда бұл талап тек балалар мен медицина қызметкерлеріне ғана қатысты көрсетілген.

5. Егер бала қызылшамен ауырған болса, емхананың емдеуші дәрігері берген баланың амбулаторлық картасынан қызылшамен ауырғанын растайтын үзінді көшірме қажет.

Аталған талаптар Орталықтағы балалардың, ата-аналардың және медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. 

 

 

 

 

 

 

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию