87085036573   

    «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» 

    Оңалту кімге керек?

    Оңалту емі жүйке жүйесі аурулары немесе жарақат салдарынан туындаған физикалық, сөйлеу, когнитивтік немесе психикалық-эмоциялық дамуында бұзылыстар байқалған жағдайда қажет.

    Егер балаңызда:

    • сөйлеу, қимыл-қозғалыс немесе өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларының дамуы кешеуілдесе;
    • қимыл-қозғалыс кезінде, жүргенде үйлесімділікті, тепе-теңдікті сақтауда қиналса;
    • аяқ-қолы әлсіз, бұлшықет тонусы төмен болса немесе керісінше, шамадан тыс тырысуы байқалса;
    • есту қабілеті бұзылса, психоэмоционалдық жағдайы немесе мінез-құлқында ауытқу байқалса;
    • бассүйек-ми немесе жұлын жарақаттары салдарынан, сондай-ақ туа біткен патологиялары болса, невропатологқа немесе тиісті бейіндегі басқа маманға қаралуы қажет.

    Қарап-тексеріп, диагнозын анықтағаннан кейін дәрігер баланың жағдайына байланысты оңалту курсын тағайындауы мүмкін. Оңалтуды уақытылы бастау — баланың жағдайын жақсартып, дамуын қолдауға үлкен мүмкіндік береді.

    Орталықтың бөлімшелерінде 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға келесі неврологиялық патологиялар бойынша кешенді оңалту көмегі көрсетіледі:

    • Сал ауруы (церебралды паралич)
    • Бассүйек ішіндегі жарақат салдары
    • Жұлын жарақаттының салдары
    • Аяқ-қол нервтерінің жарақаттан кейінгі бұзылыстары
    • Жекелеген нервтердің, нерв түбіршектері мен өрімдерін зақымдануы, полинейропатия
    • Орталық жүйке жүйесінің қабыну ауруларынан кейінгі жағдайлар
    • Салдану синдромы
    • Ми қанайналымы бұзылуының салдары
    • Жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары
    • Сөйлеу мен тіл дамуының басқа бұзылыстары
    • Психологиялық дамудың бұзылыстары
    • Аутизм спектрінің бұзылыстары
    • Нейросенсорлық мүкістік, кохлеарлы имплантациядан кейінгі жай-күй
    • Даун ауруы
    • Жүйке-бұлшықет синапсы мен бұлшықет аурулары

     

    Баланы госпитализациялауға қарсы көрсетілімдер тізімі:

    • Әртүрлі шығу тегі жиі қайталанатын немесе ауыр қан кету.
    • Гемоглобин деңгейі 80 г/л төмен ауыр анемия.
    • Жалпыланған, жиі қайталанатын әртүрлі этиологиялы ұстамалар (соңғы 6 ай ішінде).
    • Жедел жұқпалы аурулар.
    • Туберкулездің барлық түрлерінің белсенді кезеңі (А 15,0-1, А 15,5, А15,7-9).
    • Қатерлі ісіктер (3-4 кезең).
    • 3 градустан жоғары тыныс жетіспеушілігі.
    • Белгісіз фебрильді немесе субфебрильді қызба.
    • Күрделі ауыр қатар жүретін аурулардың болуы (соның ішінде 3 дәрежелі ақуыз-энергетикалық жеткіліксіз тамақтану).
    • Декомпенсация сатысындағы аурулар, соның ішінде түзетілмейтін метаболикалық аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және т.б.).
    • Терінің іріңді аурулары, жұқпалы тері аурулары (қышыма, саңырауқұлақ аурулары және т.б.), трофикалық өзгерістер (төсек жаралары).
    • 2 және одан жоғары сатыдағы ревматикалық процестің белсенділігі, гормондық терапияның болуы.
    • Анкилоз және тұрақты қайтымсыз контрактуралар.
    • Тұлғаның әлеуметтенуі бар психикалық аурулар (F00; F02; F03; F05; F10; F29; F63; 70; 79).
    • Вегетативті күй, апаллық синдром.
    • Күніне 2-3 сағат оңалту бағдарламасына белсенді қатысуға кедергі болатын басқа қатар жүретін аурулар болған кезде.

    Ескертулер:

    • вегетативті күйдегі науқастарға паллиативтік көмек көрсету қызметі тағайындалады. Оңалту әлеуеті туындаған жағдайларда пациенттер халықаралық критерийлерге сәйкес медициналық оңалтудың тиісті сатыларына жіберіледі.
    • психикалық денсаулық орталықтарына өзіне және айналасындағыларға агрессивті эмоционалдық және мінез-құлық бұзылыстары диагнозы қойылған науқастар жіберіледі.

    Күтушілерді госпитализациялауға қарсы көрсетілімдер тізімі:

    • 21 аптадан асқан жүктілік.
    • Жедел аурулар.
    • Жедел кезеңдегі созылмалы аурулар (қант диабеті, артериялық гипертензия, тиреотоксикоз және т.б.).
    • Тәрбиешінің жасы 60 жастан жоғары.
    • Психикалық ауру.
    • Терінің іріңді аурулары, жұқпалы тері аурулары (қышыма, саңырауқұлақ аурулары және т.б.).
    • Жиі ұстамалары бар эпилепсия.

    Ескерту

    Ілеспе адам маусымға сай аяқ киіммен және киіммен, сырғанамайтын аяқ киімді ауыстырумен (жабық), спорттық киіммен, гигиеналық керек-жарақтармен қамтамасыз етілуі керек.

     

     

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию