
Құрметті пациенттер мен ата-аналар!
Біздің Орталығымыз психоневрологиялық және нейроортопедиялық патологиясы бар балаларға мультипәндік оңалту жүргізетін, медицина ғылымы, білім беру саласында және практикада заманауи технологияларды енгізу және тарату арқылы балалар мүгедектігін азайтуға ұмтылған бірегей ұйым.
«ҰЛТТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» КеАҚ-қа КВОТА АЛУ ТӘРТІБІ
Пациенттерді «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ емдеуге жатқызуды ұйымдастырумен (кезек бойынша жолдама беру, порталға қою, квота беру) облыстық денсаулық сақтау басқармалары айналысады.
- МСАК медициналық ұйымы (бұдан әрі - Емхана) «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ (бұдан әрі - ҰБОО) жағдайында оңалту емін қажет ететін диагнозы бар, динамикалық бақылаудағы балаларды ҰБОО-да оңалту емін алу үшін Пациенттер тізіміне (кезегі бойынша) енгізеді.
- Емхана ай сайын Денсаулық сақтау басқармасына (бұдан әрі - ДСБ) ҰБОО жағдайында оңалту емін алу үшін жіберілетін пациенттердің тізімін беріп отырады.
Пациенттер мен оларға күтім жасайтын тұлғалардың болу регламенті pdf форамтында
«Балаларды оңалту ұлттық орталығы» КЕАҚ-да пациенттер мен оларға күтім жасайтын тұлғалардың болу регламенті
1. Жалпы Ереже
1.1. «Балаларды оңалту ұлттық орталығы» КЕАҚ-да (бұдан әрі-Қоғам) пациенттер мен оларға күтім жасайтын тұлғалардың болу регламенті Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына, 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, саясатқа, Қоғам стандарттарына сәйкес әзірленген ішкі нормативтік құжат болып табылады
Пациенттердің құқықтары:
Балаларды оңалту ұлттық орталығы (бұдан әрі – Орталық) денсаулық сақтау және қызметтерді көрсету кезінде пациенттер мен олардың отбасыларының құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ететін процестерді қамтамасыз етуге жауапты.
Денсаулық сақтау және қызметтер пациенттерге қамқорлықпен және құрметпен қарайды және пациенттердің жеке бостандығын, қадір-қасиетін, өз пікірін білдіруін және таңдауын қолдайды.
Медициналық көмек пен қызметтер пациенттердің ең жоғары әлеуметтік, физикалық және функционалдық деңгейлеріне Орталықтың миссиясы мен қызметтері арқылы қол жеткізу мүмкіндігін қолдайды.





