Мейіргерлік қызмет
Жұма 16.00-ден 17.00-ге дейін

Құрметті ата-аналар мен пациенттер, мейіргерлік қызмет парақшасына қош келдіңіздер.
Орталықтың мейіргерлері — пациенттерге деген қамқорлықтың өзегі және мультипәндік команданың ажырамас бөлігі.
Біздің міндетіміз — оңалту үдерісінің үздіксіздігін сақтай отырып, жүйелі әрі сапалы күтімді қамтамасыз ету.
Бұл бөлімде мейіргерлік қызметтің жұмысы, қызметтің негізгі бағыттары және мейіргерлік көмек көрсету стандарттары туралы ақпарат ұсынылған.

*ОМП- орта медициналық персонал
*КМП – кіші медициналық персонал

6 мейіргер ісі маманына дәрігерлердің бірқатар лауазымдық міндеттері берілді.
Кеңейтілген практика мейіргерінің негізгі функциялық өкілеттіктері:
- Телефон және SMS арқылы пациенттерге хабарлау.
- Қабылдауға дайындық: зертханалық және диагностикалық зерттеулерді тағайындау.
- Тағайындалған зерттеулердің орындалуына мониторинг жүргізу және нәтижесін жүктеу.
- Зертханалық-диагностикалық қызметтердің бастапқы нәтижелерін түсіндіру.
- КМАЖ жүйесінде «оңалту болжамы мен әлеуетін бастапқы бағалау» нысанын толтыру
- Зертханалық және диагностикалық қызметтердің нәтижесін дәрігерге немесе бейінді маманға ұсыну.
- Субъективті мейіргерлік тексеру: шағымдарды, анамнезді жинау, әлеуметтік және психологиялық тәуекелдерді бағалау.
- Объективті тексеру: өмірлік көрсеткіштерді өлшеу, антропометрия, терісі мен табанын қарау.
- Мейіргерлік диагнозды тұжырымдау және мейіргерлік күтім шараларын орындау.
- Қабылдау деректерін КМАЖ жүйесіне енгізу.
- Жүргізілген зерттеулердің нәтижесін бағалау.
- Пациент пен оның отбасына күтім жасау және ауруды басқару дағдыларын үйрету.
- Шағымы болған немесе патологиялық өзгерістер анықталған жағдайда пациентті дәрігерге/мамандарға бағыттау.
- Әлеуметтік немесе психологиялық мәселелер болған жағдайда әлеуметтік қызметкерге немесе психологқа жолдау.
- Жеке жоспарға сәйкес пациенттің маршрутын түсіндіру.
- Қажет болған жағдайда ақуызды тағамды тағайындау.
Ұлттық балаларды оңалту орталығында мейіргерлердің үздіксіз кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
Мейіргерлердің жұмысы пациенттер күтімінің сапасын арттыруға, қауіпсіздігін күшейтуге және заманауи халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.
- Базалық реанимациялық көмек стандарттары бойынша сертификаттау (Basic Life Support – BLS)
Орталықтың үш маманы сертификаттау курстарынан өтіп, Еуропа реанимация жөніндегі кеңесінің (ERC-2024) стандарттары мен алгоритмдері бойынша толық құқықты жаттықтырушы атанды:
- А.Ж. Алтынбекова— клиникалық оңалту басқармасының (КОБ) аға мейіргері
- А.А. Нурпеисова— қабылдау секторының (ҚС) аға мейіргері
- Г.Ш. Баубекова— №4 «Ақжол» психоневрологиялық бөлімшесінің мейіргері
- Мейіргер мамандардың біліктілігін тұрақты арттыру
Орталықта кәсіби дамудың жүйелі түрлері енгізілген:
- ай сайынғы мейіргерлер конференциясы;
- мейіргерлерге арналған апталық оқу сабақтары;
- Joint Commission International (JCI) қауіпсіздік стандарттары бойынша оқыту.
- Мейіргерлік күтім мен оңалту үдерісінің сапасын реттейтін 64 стандартты операциялық рәсім (СОР) әзірленіп, енгізілді.
- «Медициналық оңалту: мейіргердің рөлі» атты білім беру бағдарламасы әзірленді.
- «Балалар церебралды параличі бар балаларды күтіп-қарауға арналған бейімделген клиникалық мейіргерлік нұсқаулық» шығарылды.
Авторлардың бірі: Канкина М.Д., №6 «Қамқор» психоневрологиялық бөлімшесінің аға мейіргері. - Орталықтың алты мейіргері Астана қаласы Жоғары медициналық колледжінің клиникалық практикадағы студенттеріне ментор болып жүр. Олар практикаға бағытталған оқытуды, болашақ мамандарға дағдыларды меңгертуді және олардың құзыреттерін дамытуды қамтамасыз етеді.
Орталықта балаларды оңалтудағы мейіргердің рөлін күшейтуге бағытталған қосымша оқыту бағыттары құрылған:
- BLS дағдыларын үйрету мектебі – Орталық базасындағы мамандандырылған бағдарлама. Сабақты сертификатталған мейіргер жаттықтырушылар жүргізіледі. Мектеп аясында Орталықтың барлық қызметкерлері базалық реанимациялық көмектің (BLS) заманауи алгоритмдерін меңгереді.
- Мейіргерлердің ботулинотерапияға (БТА) қатысу сапасын арттыру мектебі — балаларды емшара кезінде және одан кейін сүйемелдеу ерекшеліктерін оқыту.
- Постуралдық менеджмент мектебі — контрактуралардың алдын алу, тыныс алуды жақсарту және өмір сапасын арттыру үшін баланың дене қалпын дұрыс орналастыру әдістерін үйрету.
Орталықтың мейіргерлері кәсіби құзыретін арттыруға және мейіргерлік практиканың заманауи тәсілдерін енгізуге бағытталған іс-шараларға тұрақты түрде қатысады.
Негізгі іс-шаралар:
- «Денсаулық сақтау жүйесінде мейіргердің рөлін кеңейту: ерте араласудан оңалтуға дейін» тақырыбындағы дөңгелек үстел (30.04.2025)
- «Дағдылардан сапаға. Қамқорлықтан нәтижеге» халықаралық конференция, Жүрек орталығы
- «Қазақстан Республикасындағы тәуелсіз мейіргерлік істің озық тәжірибесін енгізу» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, Қызылорда, 2025.
Орталық атынан модератор — Р.Р. Тлеулинова, «ҰБОО» КеАҚ мейіргерлік іс жөніндегі директор.
- «Мейіргерлік істегі заманауи технологиялар» семинары
- АСБ бар пациенттердің күтімі бойынша білім беру тренингі бағдарламасы (Назарбаев Университетімен бірлесіп)
«Постуралды менеджмент және ассистивтік құралдарды таңдау»
Біздің Орталықта жас мамандардың ғылыми белсенділігін дамытуға бағытталған консультациялық-үйлестіруші орган — Жас ғалымдар кеңесі құрылып, табысты жұмыс істеп келеді.
Жас ғалымдар кеңесінің құрамына келесі мейіргерлер кіреді:
- Б.Х. Халимгазиева— №6 «Қамқор» психоневрологиялық бөлімшесінің мейіргері
- Серікбай Мейірім Бақытжанқызы — физикалық медицина және оңалту бөлімінің мейіргері
- Мелдебекова Бибігүл Есболатқызы —№3 «Болашақ» психоневрологиялық бөлімшесінің мейіргері
- Асанова Сымбат Әбенқызы —№3 «Болашақ» психоневрологиялық бөлімшесінің мейіргері
Орталық мамандары «Медициналық оңалту хабаршысы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік журналында 7 ғылыми мақала жариялады.
|
МАҚАЛАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ |
АВТОРЛАРЫ |
|
«Орталық жүйке жүйесі бұзылған пациенттерде жұту және шайнау актісінің бұзылуын диагностикалау және түзету» |
Утенова А.Р., Тлеулинова Р.Р., Алписова С.С., Жуманова М.И. |
|
«Есту қабілеті бұзылған науқастардың күтімдегі мейіргерлік үдеріс: жаңа тәсілдер мен сын тегеуріндер» |
Тлеулинова Р.Р., Алданазарова А.А., Салибаева Б.Т., Муллахасанова Г. |
|
«Spina bifida бар пациенттерді диагностикалау, емдеу және оңалтудағы мейіргерлік үрдіс» |
Тлеулинова Р.Р., Приманова П.И., Казбекова Ф.У., Камалова К.С. |
|
«Физиотерапия саласындағы мейіргердің оңалту үдерісіндегі рөлі» |
Тлеулинова Р.Р., Баисова З.К., Маханбаева Ж.С., Курманбаева Р.К. |
|
«Бұлшықет-жұлын атрофиясы: диагностика, емдеу және оңалту» |
Шайзадинова М.З., Тлеулинова Р.Р., Даметова М.Б., Танибергенова К.А., Оспанова Т.К., Кадырбекова К.Б. |
|
«Балаларды оңалтуда экзоқаңқа аппаратын қолдану» |
Жангабулова Б.А., Қуатханов Д.Б., Жумадилова Ш.К., Толеубекова Г.М, Тлеулинова Р.Р. |
|
«Ерте оңалтудағы мейіргерлік күтімді ұйымдастыру: модельдер, хаттамалар және басқа қызметтермен үйлестіру» |
Алтынбекова А.Ж., Халыкбай К., Кожагулова А.С., Тлеулинова Р.Р. |




