Денсаулық туралы жаңа Конституция
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы медициналық көмектің кепілдіктері
2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы және нығайтылуы туралы хабарлаймыз.
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 1-бабы:
Конституцияның 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең жоғары құндылықтары — адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Осыған байланысты, денсаулықты қорғау құқығы адамның негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарының қатарына жатады және мемлекет тарапынан кепілдендірілген қорғауға жатады.
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 32-бабының 1 және 2-тармақтары:
Қазақстан Республикасы Конституциясының 32-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес:
- азаматтардың денсаулығын қорғауға құқығы бар;
- азаматтар заңда белгіленген, өздері төлемейтін медициналық көмекті алуға құқылы.
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 14-бабы:
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 14-бабы адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамайтындығы және кепілдендірілгендігі қағидатын бекітеді.
Аталған ережелер мемлекеттің барлық азаматтар үшін олардың әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетін сақтайтынын білдіреді.
Бұл ретте, «азаматтар төлемейтін медициналық көмек» деген тұжырым өзінің құқықтық мазмұны бойынша медициналық көмектің ақылы түрін енгізуді білдірмейді, керісінше пациентке қаржылық жүктеме жүктемей, оны қаржыландыру көздерінің өзгеруін көздейді.
Атап айтқанда, медициналық көмек:
- мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде;
- заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен (оның ішінде қайырымдылық және халықаралық қаражаттар)
қаржыландырылуы мүмкін.
Осылайша, азамат белгіленген мемлекеттік кепілдіктер шеңберінде медициналық көмек үшін тікелей шығындар көтермейтін қолданыстағы модель сақталады.
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 41-бабы:
Конституцияның 41-бабына сәйкес, адамның құқықтары мен бостандықтары тек заңмен және тек азаматтардың денсаулығын, қоғамдық тәртіпті және өзге де конституциялық құндылықтарды қорғау үшін қажетті шамада ғана шектелуі мүмкін.
Аталған норма денсаулықты қорғаудың конституциялық қорғаудың негізгі объектілерінің бірі ретіндегі басымдығын растайды.


