87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Мамандарымыз Түркияда!

    Пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасын арттыру мақсатында мамандарымыз Түркияның жетекші клиникаларында тәжірибе алмасып, заманауи әдістермен танысып жатыр.

    Сапар барысында олар:
    • Бобат және Войта терапиясын
    • Роботтандырылған оңалтуды
    • QEEG технологиясын
    • Аутизмге арналған халықаралық хаттамаларды
    • Инклюзивті білім беруді
    • Нейропсихологиялық диагностиканы
    • Гидрокинезотерапияны
    және басқа да тиімді тәсілдерді меңгеруде.

    Сапарды ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Түркиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне және Қазақстанның Ыстанбулдағы Бас Консулдығына ризашылығымызды білдіреміз 

    Сондай-ақ, халықаралық тәжірибе алмасуға жол ашқаны және қолдау көрсеткені үшін Орталығымыздың Басқарма Төрағасы- Ажар Ғиниятқа алғысымыз шексіз.

    Алда – жаңа білім, тың идеялар және балаларға арналған сапалы қызмет!

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04
    • 05
    • 06
    • 07

     

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию