Жақсы шайнай алмайтын, сөздік қоры өте шектеулі болған баланың анасының пікірі. Жүруі де қиынға соқты, қозғалысы шектеулі еді, дейді Ана.
Қазір баланың жағдайында айқын оң динамика байқалады: өзі тамақ сұрайды, жақсы шайнайды, жүреді, сөйлей бастады.
Бұл — мамандармен жүйелі жұмыс пен ата-ананың қолдауының нәтижесі.
Анасы Ұлттық балаларды оңалту орталығының барлық қызметкерлеріне алғыс білдіреді, әсіресе эрготерапевт Найзагараева Назира Серікқызына ерекше ризашылығын жеткізеді.



