87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін біздің орталықтың ауасы гүлдің иісімен, ал жүрегіміз шынайы мейірімге толды

Астана қаласындағы Медициналық-техникалық колледждің студенттері ұстазы Роза Сармановамен бірге өз бастамаларымен келіп, ауламызға гүл екті.

Бұл іс – тапсырма да, міндет те емес. Бұл – жүректен туған ниет. Олар тек гүл отырғызған жоқ – олар біздің балаларымызға жүрек жылуын, қамқорлықты және жан шуағын сыйлады.

Ыстық ауа райына қарамастан, уақыт бөліп, өз қолдарымен көркейтіп кетті.

Және бұл істі ешқандай марапат күтпестен, таза пейілмен, шын ықыласпен жасады.

Орталығымыздың атынан Роза Сармановаға және барлық студенттерге шын жүректен алғысымызды айтамыз! Сіздер тек гүл емес, үміт пен ізгіліктің дәнін септіңіздер.

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию