87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Ұлттық балаларды оңалту орталығында халықаралық сарапшылардың мастер-класстары өтті

    «Балаларды оңалтудағы инновациялық тәсілдер: технологиялардан нәтижелерге дейін» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция аясында 29 мамыр күні Астана қаласындағы Ұлттық балаларды оңалту орталығында тәжірибелік бағыттағы мастер-класс сабақтары ұйымдастырылды.

    Мастер-класстар балаларды оңалтудың заманауи бағыттарын қамтыды. Қатысушылар нейропсихология, эрготерапия, дәстүрлі қытай медицинасы, диетология, постуральды менеджмент және басқа да өзекті тақырыптар бойынша тәжірибе алмасты.

    Мастер-класс жүргізген сарапшылар қатарында:

    • Ирина Авдюнина (Ресей) – медицина ғылымдарының кандидаты, невролог. Жұту бұзылыстарын басқару бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
    • Нина Короткова (Франция) – клиникалық психология докторы, нейропсихолог. Көмек көрсетуші мамандарды психологиялық қолдау әдістерін ұсынды.
    • Сюе Дзюнь Лон және Гао Фэн (Қытай) – Сиань клиникасының сарапшылары. Аутизм спектрінің бұзылыстары мен асқорыту жүйесі ауруларында дәстүрлі қытай медицинасының клиникалық қолданылуын таныстырды.
    • Франка Панте (Франция) – нейрооңалтудағы жаңа технологиялар мен инновациялық тәсілдер бойынша баяндама жасады.
    • Петра Магерль (Австралия) – еңбек терапевтеріне арналған ойын терапиясының тәжірибелік үлгілерін көрсетті.
    • Жанна Медетбекова (ҰБОО) – кетогенді диетаның оңалтудағы қолданылу ерекшеліктерін түсіндірді.
    • Даулеткерей Аманжол және Мадина Ибрагимова (ҰБОО)  – постуральды менеджмент пен көмекші құралдарды таңдауға қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті.
    • ҰБОО мамандары – Нұргүл Ахмедьянова, Тойдық Каладинова, Рауза Спанова және Әлфия Сафина биологиялық кері байланыс (БКБ) әдісін қолдану бойынша практикалық сабақтар өткізді.
    • Жанна Умбетова және Дана Баймағанбетова (Булат Өтемұратов қоры) – ESDM элементтерімен ойын процесін құру бойынша тренинг жүргізді.
    • Северин Беккье (Франция) – нейроөсу бұзылыстарын ерте диагностикалауда қолданылатын бағалау шкалаларын таныстырды.

    Бұл мастер-класстар халықаралық тәжірибе алмасуға, теорияны практикамен ұштастыруға және балаларды оңалтудың озық әдістерін кәсіби ортада талқылауға мүмкіндік берді.

    • 250529-27
    • 250529-32
    • 250529-429
    • 250529-436
    • 250529-449
    • 250529-468
    • 250529-489
    • 250529-9
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию