87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықаралық ынтымақтастық аясында ресейлік жетекші маманмен мастер-класс өтті

2025 жылғы шілде айының басында Ұлттық балаларды оңалту орталығына Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Балалар денсаулығы» Ұлттық медициналық зерттеу орталығының жүйке аурулары зертханасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, балалар неврологиясы саласындағы танымал маман Алексей Львович Куренков арнайы іссапармен келді.

Алексей Львович - УДЗ-навигациямен ботулинотерапия жүргізу бойынша үлкен тәжірибесі бар жоғары санатты дәрігер-невропатолог, педиатр. Орталық базасында өткен екі күндік мастер-класс аясында маман өз кәсіби білімімен және озық тәжірибесімен бөлісті.

 Мастер-класс аясында:

  • 11 балаға жеке консультациялық көмек көрсетілді
  • 7 балаға ботулинотерапия (БТА) инъекциясы жасалды
  • Орталық мамандары мен Алматы және Қызылорда қалаларындағы филиалдардан келген 14 дәрігеріміз оқытудан өтті.

Ұлттық балаларды оңалту орталығының басшылығы Алексей Львовичтің мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған ұсыныстарын жоғары бағалап, Ресейдің жетекші балалар неврологиялық орталығымен ынтымақтастықты дамыту жөнінде келіссөздер жүргізді.

  • 01
  • 02
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию