«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Медициналық оңалту» (балалар) бағыты бойынша республикалық деңгейде үйлестіру қызметін жүзеге асырады
- Қаралды: 329
«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Медициналық оңалту» (балалар) бағыты бойынша республикалық деңгейде үйлестіру қызметін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №131 бұйрығын («Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы») орындау аясында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ҰБОO-ның бейінді мамандары – ФМО дәрігерлері (реабилитологтар), невропатологтар, түзету-әдістеме бөлімнің психологтары – Жамбыл, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының медициналық ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетті.
Ұйымдастыру-әдістемелік көмек шеңберінде бейінді мамандар сала бойынша нормативтік құқықтық актілерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №65 бұйрығына («Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы») енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылады.
2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына «Оңалту көмегін көрсететін мамандарын оқыту, оның ішінде медициналық оңалтуда тіршілік әрекеті мен денсаулықтың жұмыс істеуінің, шектелулерінің халықаралық сыныптамасы (ЖХС) қолдану» тармағы енгізілді. Осыған орай өңірлерде бейінді мамандар ХЖС-ны практикада қолдану бойынша кіріспе дәрістер өткізді.
Сонымен қатар келесі өзекті тақырыптар бойынша білім беру іс-шаралары ұйымдастырылды:
- «Ботулинотерапия», «Постуралды менеджмент. Оңалтуға арналған техникалық құралдарды іріктеудің негізгі қағидалары» бойынша шеберлік сабақтар,
- «Аутизм диагнозы қойылған балаларды түзетудің инновациялық әдістері. Түсінігін қалыптастыру» тақырыбында дәрістер,
- «Арнайы білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған ойын терапиясы» және «Балаларды оңалтудың сенсорлық интеграциясы»,«Балалардың жүйке-психикалық дамуы» атты семинарлар.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бейінді мамандар келесі жұмыстарды атқарды:
- 10 өңірге іссапарға барды;
- балаларға медициналық оңалту қызметін көрсететін облыстық және аудандық деңгейдегі 49 ұйымға барып, әдістемелік көмек көрсетті;
- 31 балаға кеңес беріп, оңалту іс-шараларының көлемі, түрі және мерзімін көрсете отырып, әрі қарайғы оңалту жоспарын ұсынды;
- 494 тыңдаушы қамтылған 30 білім беру іс-шарасын, оның ішінде ҚХЖ бойынша 10 іс-шара өткізді.
2025 жылдың екінші жартыжылдығында өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету жұмыстары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 23 маусымдағы №403 жаңа бұйрығы («Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы») аясында жалғаса береді.
Іссапарға барған бейінді мамандар:
1. Кенжебекова Мейрамгүл Өміртайқызы – невропатолог дәрігер, ҰБОO психоневрология бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облысында ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетті.

2. Шакенов Мейрам Жамбылұлы – нейрореабилитолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, ҰБОO стратегиялық даму және маркетинг бөлімінің басшысы, Атырау облысында ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетті.

3. ҰБОО түзету-әдістемелік бөлімінің психологі Қалиакпарова Айдана Шакерғалиқызы БҚО-да

4. ҰБОО физикалық медицина және оңалту бөлімінің меңгерушісі Искулова Асыл Ергазиевна СҚО-да

5. ҰБОО түзету-әдістемелік бөлімінің әдіскері Тұрдалиева Арайлым Сансызбайқызы Түркістан облысында

6. ҰБОО түзету-әдістемелік бөлімінің психологі Биболдина Жұлдыз Алпысбайқызы Ақмола облысында

7. ҰБОО түзету-әдістемелік бөлімінің психологі Қазбекова Айназ Айтқазықызы ШҚО-да

8. ФМО дәрігері, ҰБОО Модельдеу және ортездеу зертханасының меңгерушісі Аманжол Дәулеткерей Шымкент қаласында

9. Невролог дәрігер, ҰБОО психоневрология бөлімінің меңгерушісі Құдайбергенов Абдулла Суеркулұлы Қызылорда облысында

10. ҰБОО түзету-әдістемелік бөлімінің психологі Ешенгазина Айғаным Серікқалиқызы Абай облысында



