87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰБОО өкілдері халықаралық «Шипажай-2025» форумына қатысты

Астанада «Бурабай» шипажайының 115 жылдығына арналған «Шипажай-2025» X мерейтойлық Халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Германия, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан шипажай және медициналық оңалту саласының өкілдері жиналды.

Ұлттық балаларды оңалту орталығының өкілдері форумға қатысып, курортология, оңалту, климатотерапия, медициналық жабдық, арнайы тамақтану және IT-шешімдер саласындағы жаңа тәсілдер мен технологиялармен танысты.

 Форум аясында Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма төрағасы Ажар Ғиният құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға жемісті жұмыс және табысты ынтымақтастық тіледі.

Форум бағдарламасына конференциялар, семинарлар, шеберлік сабақтары және қазақстандық әзірлемелерді қоса алғанда, инновациялық жобалар көрмесі кірді.

«Шипажай» форумы жыл сайын білім алмасу, озық технологияларды енгізу және сауықтыру мен медициналық оңалту саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң болып келеді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию