87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық балаларды оңалту орталығына ТМД елдерінен реабилитолог-курортологтар келді

Астанада «Бурабай» шипажайының 115 жылдығына арналған X мерейтойлық «Шипажай-2025» халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті. Форумға курортология және медициналық оңалту саласының мамандары, соның ішінде біздің орталықтың мамандары да қатысып, жаңа тәсілдер мен технологиялармен танысты.

ҰБОО төрағасы Ажар Ғинияттың жеке шақыруымен форум делегациясы орталығымызға арнайы келді. Ажар Ғиният қонақтарды қарсы алып, орталықтың жұмыс бағыттары, бірегей бағдарламалары мен балаларды оңалтудағы заманауи әдістері жайлы айтып, арнайы экскурсия жүргізді.

Қонақтар - жетекші мекемелердің басшылары мен білікті мамандар - орталықтың жабдықталуын, қызметкерлердің кәсібилігін және балаларға деген ерекше қамқорлығын жоғары бағалады.

Делегация құрамында:

  • Наталия Зубарева - Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық медициналық зерттеу орталығы оңалту және курортология» ФБМУ директоры;
  • Ирэна Погонченкова - Мәскеу қалалық Денсаулық сақтау департаментінің медициналық оңалту, қалпына келтіру және спорт медицинасы ғылыми-практикалық орталығының директоры, медициналық оңалту бойынша штаттан тыс бас маман;
  • Салимзода Джунайдулло Махмадали - «Харангон» шипажайының директоры (Тәжікстан);
  • сондай-ақ Мәскеу, Минск, Баку, Душанбе және Астана қалаларындағы жетекші мекемелердің басшылары мен мамандары болды.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын, оның ішінде тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және мамандарға арналған білім беру бағдарламаларын өткізу жайлы талқылады.

  • 01
  • 02
  • 03
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию