87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Ұлттық балаларды оңалту орталығына «Шин-Лайн» компаниясынан қайырымдылық көмек көрсетілді

    ҚР Мәжіліс депутаты Вера Александровна Кимнің бастамасымен «Шин-Лайн» қайырымдылық қоры орталығымыздағы ерекше балаларға қолдау көрсетті.

    Компания «Ақжол» психоневрологиялық бөліміне 40 жаңа төсек-орын жабдығы мен балаларға арналған матрастарды сыйға тартты.

    Іс-шараға компания басшылары арнайы келіп, балаларға қуаныш сыйлады.

    Орталық атынан Басқарма төрағасы Ажар Ғиният алғыс білдіріп, қонақтарға балаларды оңалту барысын көрсетті.

    Әрбір қолдау – балаларымыздың жарқын болашағына қосылған үлес. Біз қайырымды жандарға шын жүректен алғыс айтамыз!

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04

     

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию