87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Ұлттық балаларды оңалту орталығының ұйымдастыруымен республикалық семинар-кеңес өтті

    5 - қыркүйек күні Ұлттық балаларды оңалту орталығының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінен денсаулық сақтау басқармаларының бас штаттан тыс балаларды оңалту мамандарының қатысуымен онлайн семинар-кеңес өтті.

    Іс-шараға сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің бас сарапшысы Айнұр Жұмағұлқызы Қабылова қатысты.

    Семинар барысында мына мәселелер талқыланды:

    • 2025 жылдың бірінші жарты жылдығындағы балаларды оңалту қызметінің қорытындысы;
    • Балалар реабилитологтары кеңесінің мақсаты, міндеттері және жұмыс жоспары;
    • 2025 жылғы Халықаралық конференция Резолюциясының орындалу барысы;
    • «Орталық Азия медициналық реабилитология вестнигі» журналы мен «Оңалту» ассоциациясының қызметі;
    • Өңірлерге ұйымдастырушылық-әдістемелік сапарлардың нәтижелері. 

    ҰБОО Басқарма төрағасы Ажар Ғиният өз сөзінде бұл кездесудің еліміздегі балаларды оңалту қызметін дамытудағы маңызын атап өтті.

    • 01
    • 02
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию