7 қыркүйек – Ұлттық балаларды оңалту орталығының туған күні. Осы айтулы датаға және Халықаралық кинезотерапевттер күніне орай 4–5 қыркүйек күндері ұжымдық волейбол турнирі ұйымдастырылды.
Жарысқа Орталық қызметкерлерінен құралған 4 команда қатысып, бірінші күні жартылай финалға шығу үшін бақ сынады. Ал екінші күні тартысты ойындар өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Турнир спорттық бәсеке ғана емес, сонымен бірге ұжымның ұйымшылдығы мен кәсіби рухын көрсеткен маңызды шара болды.



