ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы өз құзыреті аясында даму бұзылыстары қаупі бар нәрестелерді қолдау мәселелерін мемлекеттік деңгейде қарау бастамасын көтерді.
26 қыркүйекте Бибігүл Нұрғалиқызы Алматы қаласынан келген оңалту клиникасының өкілдерімен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына келді.
Кездесу барысында балаларға ерте көмек көрсетуді ұйымдастыру тәсілдері және еліміздегі оңалту жүйесін жетілдіру мүмкіндіктері талқыланды.
ҰБОО Басқарма төрағасы Ажар Ғиният қонақтарға Орталықтың жұмыс жүйесін таныстырып, балаларда мүгедектіктің қалыптасу қаупін азайту үшін ерте оңалтуды дамыту бойынша тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөлісті.




