87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    ҰБОО-да позициялау мектебі құрылды

    Позициялау – баланың өмір сапасына әсер ететін маңызды күтім бөлігі.

    Балаға оңалту тек жаттығу залында ғана емес, күні бойы дұрыс дене қалпын сақтаудан басталады. Дұрыс позициялау баланың тынысына, қозғалысына, жайлылығына және аурудың асқынбауына тікелей әсер етеді.

    Біздің орталықта жас мейіргерлерге арналған Позициялау мектебі құрылды.

    Себебі позициялау – науқастың өмір сапасын арттыратын мейіргерлік көмектің ең маңызды бөлігі.

    Мектептің мақсаты:

    • күн бойы дене қалпын дұрыс ұстаудың заманауи әдістерін үйрету,
    • патологиялық қалыптардың алдын алу,
    • жайлылық пен релаксацияны қамтамасыз ету.
    • ата-аналарды үйрету.

    Мейіргерлер үшін: бұл білім балаларға сапалы күтім көрсетудің негізі.

    Ата-аналар үшін: үйде баланың отырысы, жатуы, ойнау кезіндегі қалпы оңалтудың табысты жүруіне ықпал етеді.

    • 01
    • 02
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию