87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Ұлттық балаларды оңалту орталығында Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті

    Бүгін Ұлттық балаларды оңалту орталығында Ұстаздар күніне орай дәрігерлер мен мейіргерлер педагогтарға ерекше сый жасады – мерекелік концерт ұйымдастырды.

    Орталық ұжымы үшін оңалту тек медициналық ем-шаралармен шектелмейді. Балалардың дамуына педагогикалық түзетудің қосатын үлесі орасан зор.

    «Баланы жалпы мектепте оқыту – бір бөлек, ал біздің орталықтағы педагог болу – әлдеқайда күрделі әрі жауапты іс», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

    Орталық ұжымы ұстаздарға алғыс білдіріп, әр баланың болашағы үшін жасаған еңбектерін жоғары бағалады:

    «Біз сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз, әрбір баланың болашағына қосқан үлестеріңізді қадірлейміз. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас жігер, шығармашылық табыс пен еңбектеріңіздің жемісін көруді тілейміз!»

    Ұстаздар күні құтты болсын!

    • 001
    • 01
    • 02
    • 03
    • 04

     

     

     

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию