87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты халықаралық конференция

2025 жылдың 13 қазанында Астана қаласындағы Президенттік орталықта «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шарада Қазақстанның жетекші клиникаларының басшылары, сарапшылар, практик мамандар және халықаралық медициналық және туристік қауымдастық өкілдері бас қосты.

Конференция баяндамашыларының қатарында Ұлттық балаларды оңалту орталығының басқарушы директоры Сая Амангелдіқызы да сөз сөйлеп, «Балаларды оңалту қызметін ілгерілету. Ерекшелігі және қиындықтар» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндама барысында балаларды оңалту саласын дамытудың негізгі бағыттары талқыланып, кешенді емдеу тәсілінің маңыздылығы, инновациялық технологияларды қолдану және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қажеттілігі атап өтілді.
Сонымен қатар, медициналық туризм мәселелеріне ерекше назар аударылды, атап айтқанда:
• Қазақстанды жоғары сапалы балаларды оңалту бағытындағы мемлекет ретінде ілгерілету;
• Сервис сапасын арттыру;
• Халықаралық серіктестер және салалық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.

Пленарлық бөлімнен кейін 10 елден келген туристік агенттіктер мен медициналық қызмет көрсетушілермен B2B-кездесулер өтті. Бұл кездесулер медициналық туризм саласындағы іскерлік байланысты нығайтуға және халықаралық әріптестікті кеңейтуге бағытталды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

 

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию