Республика күні қарсаңында денсаулық сақтау саласының үздіктерін марапаттау рәсімі өтті
- Қаралды: 182
Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, кәсіби адалдығы мен еңбегі үшін сала қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыстады.
Осы орайда «Шапағат» медалімен Шакенов Мейрам Жамбылұлы — жоғары санатты невролог, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD, реабилитолог, «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ стратегиялық даму және маркетинг бөлімінің басшысы марапатталды.
Бұл жоғары марапат Мейрам Жамбылұлының көпжылдық жемісті еңбегінің, жоғары кәсіби шеберлігінің және Қазақстандағы балаларды оңалту мен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесінің айғағы болып табылады.
Ұлттық балаларды оңалту орталығының ұжымы Мейрам Жамбылұлын шын жүректен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, жаңа кәсіби табыстар мен шабыт тілейміз. Балалардың игілігі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлесіңіз — бәріміз үшін үлкен мақтаныш!


