87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    ҰБОО Республика күніне арналған іс-шара аясында Атырау облысының медицина қызметкерлерін қарсы алды

    Республика күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шақыруымен Атырау облысының әртүрлі медициналық ұйымдарының қызметкерлері елордаға сапармен келді.

    Қонақтарды «Ұлттық балаларды оңалту орталығының» ұжымы қарсы алып, орналастыру жұмыстарын ұйымдастырды. Орталық қызметкерлері делегацияны Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға және мерекелік түскі асқа алып барды.

    Салтанатты жиыннан кейін орталықта экскурсия өткізілді. Қонақтарға оңалту үдерісінде қолданылатын заманауи тәсілдер мен инновациялық жобалар таныстырылды. Бұдан соң делегация мүшелері елорданың мәдени және тарихи нысандарына шағын танымдық экскурсияға шықты.

    Бұл сапардың мақсаты – өңір медицина қызметкерлерінің еңбегін құрметтеу және кәсіби ынтымақтастықты нығайту.

    «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» ұжымы келген қонақтарға табысты еңбек тілейді.

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04

     

    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию