87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық балаларды оңалту орталығында – жаңа жобалар мен игі істер

Ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуына жағдай жасау – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан Ұлттық балаларды оңалту орталығы демеушілер мен серіктестердің қолдауымен өз әлеуетін арттырып, оңалту үдерісін жаңа деңгейге көтеріп келеді.

Бүгін орталықта 13-ші оңалту айналымының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара аясында орталықтың дамуына үлес қосып, ерекше балаларға қолдау көрсеткен серіктестер мен демеушілерге алғыс білдіру рәсімі ұйымдастырылды.

Шараға Астана қаласының Нұра ауданының әкімі Ришат Уалиханұлы Тұрдыбеков арнайы қатысып, балалар мен ата-аналарды құттықтады. Ол орталық қызметіне жоғары баға беріп, ұжымға табыс тіледі. Әкімнің бастамасымен орталық аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жаңа асфальт төселді. Бұл бастама балалар мен ата-аналар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, «Шин-Лайн» корпоративтік қорының демеушілігімен орталық ішінде балалардың демалуы мен ойын-сауығына арналған арнайы «Жасыл алаң» пайдалануға берілді. Бұл алаң оңалту үдерісінде ойын арқылы дамуға ықпал етіп, балалардың көңіл-күйін көтеруге бағытталған.

Бүгінгі күннің тағы бір маңызды жаңалығы – «Дара» қайырымдылық қоры мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Қадам» бөліміндегі «Ерте қолдау қызметі» кабинеті толық жөндеуден өтті. Жаңартылған кабинет заманауи техникамен жабдықталып, мамандардың жұмысына қолайлы жағдай жасалды. Енді бұл кабинетте ерте жастағы балаларға сапалы қызмет көрсетудің жаңа мүмкіндіктері ашылды.

Ұлттық балаларды оңалту орталығының ұжымы барлық демеушілер мен серіктестерге ерекше балалардың болашағына қосқан зор үлестері үшін шексіз ризашылығын білдіреді. Олардың қолдауы мен қамқорлығы орталықтың тұрақты дамуына және балалардың жарқын болашағына жол ашуда.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию