Ұлттық балаларды оңалту орталығы «Мама Про» қоры ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты
- Қаралды: 145
Ұлттық балаларды оңалту орталығында оңалту курсынан өтетін балалармен қатар, олардың отбасыларына да жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Біздің тәжірибеде баланың оңалу үдерісінде отбасының толыққанды қолдауы негізгі рөл атқарады. Осыған байланысты оңалту кезеңінде кішкентай пациенттер, олардың аналары мен қамқоршылары жеке және топтық форматта кешенді психологиялық көмек алады. Мұндай қолдау жүйесі ата-аналардың эмоционалдық жүктемесін төмендетуге, ішкі ресурстарын күшейтуге және бала үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бүгін Орталықтың медициналық бөлім жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс балалар реабилитологы Алтынбекова Айгуль Тулебаевна «Мама Про» қоғамдық қоры ұйымдастырған іс-шараға сарапшы ретінде қатысты. Іс-шараның негізгі тақырыбы: «Отбасының психологиялық әл-ауқаты: ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары мен қамқоршыларын мемлекеттік қолдау тетіктері».
Дөңгелек үстелге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, реабилитация саласының мамандары, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар және қоғамдық ұйымдар қатысты.
Өз сөзінде Айгуль Тулебаевна заманауи реабилитациялық тәсілдер, отбасыларды қолдау бағытындағы Орталықтың тәжірибесі, сондай-ақ балаларды оңалтудың ұлттық жүйесіне енгізіліп жатқан жаңа модельдер жөнінде баяндады. Сонымен бірге ата-аналарды кешенді қолдаудың маңыздылығын атап өтті, өйткені отбасының жалпы жағдайы баланың даму нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Орталық «Мама Про» қоғамдық қорына маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеріп, іс-шараға шақырғаны үшін алғыс білдіреді.
Мұндай кездесулер мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларының өмір сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.


