ҚарМУ делегациясы ҰБОО-да: инклюзивті білім беру саласындағы зерттеу жобасы таныстырылды
- Қаралды: 172
2025 жылғы 21 қарашада Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің делегациясы арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының меңгерушісі Айнагүл Рымхановна және аға оқытушы Ирина Валерьевнамен ҰБОО алаңында кездесті.
Кездесу барысында қонақтар «Инклюзивті білім беру жағдайында РАС диагнозы бар балаларды әлеуметтендіру үдерісін модельдеу» тақырыбындағы зерттеу жобасын таныстырды. Орталықтың дәрігерлері мен педагогтарына зерттеу жұмысының негізгі бағыттары ұсынылды.
Ирина Валерьевна инклюзивті орта құрудың принциптері мен әдістеріне тоқталып, мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар делегация СДҰО қызметімен танысып, орталықтың жұмыс үдерістерін көрді.
Алдағы уақытта ынтымақтастықты дамыту шеңберінде ҚарМУ мен ҰБОО арасында меморандумға қол қою, сондай-ақ университет студенттерінің орталық базасында тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылып отыр.


