87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма төрағасы Ажар Ғиният халықаралық симпозиумда Қазақстан тәжірибесін таныстырды

29 қараша күні Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма төрағасы Ажар Ғиният Қытайдың Сиань қаласында өткен Медициналық инжиниринг және инновациялар жөніндегі халықаралық симпозиум мен «Медицина –инжиниринг» 2025 ынтымақтастық форумының ресми шақырылған спикері ретінде баяндама жасады. Іс-шара Сиань Цзяотун университетінің Бірінші аффилирленген госпиталінің базасында өтті.

Конференцияны Чжэцзян университеті, Чжэцзян университетінің медицина мектебі және Чжэцзян университетінің Бірінші аффилирленген ауруханасы ұйымдастырды.

Симпозиум жұмысына Қытай, Гонконг, Германия, Ұлыбритания, Қазақстан және басқа да елдерден жетекші клиницистер, инженерлер және зерттеушілер қатысты. Пленарлық және секциялық отырыстарда оңалтудың инновациялық технологиялары, цифрлық медицина, роботтандырылған жүйелер, нейроинжиниринг және медицина мен инженерияның интеграциясының жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

Ажар Ғиният симпозиумда «Педиатриялық оңалтудағы цифрлық және роботтандырылған технологиялар: Қазақстан тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Ол Қазақстандағы қазіргі заманғы балаларды оңалтудың модельдерін, жоғары технологиялық жабдықтарды енгізудің клиникалық нәтижелерін және емдеу тиімділігін арттыруға бағытталған тәсілдерді таныстырды.

«Халықаралық ғылыми серіктестік пен тәжірибе алмасу – жаңа буын реабилитация жүйесін қалыптастырудағы маңызды қадам. Инновацияны бірлесіп дамыту ғана пациенттердің өмір сапасын жақсартуға нақты үлес қоса алады», – деді ол өз сөзінде.

Басқарма төрағасы – симпозиум ұйымдастырушыларына шынайы алғысын білдіре отырып:

«Қазақстан тәжірибесін таныстыру мүмкіндігі үшін халықаралық симпозиумның ұйымдастыру комитетіне алғыс айтамын. Әсіресе профессор Цзяо Фуюнға, Сиань Цзяотун университетінің Бірінші клиникалық ауруханасына және медициналық алмасуды қолдау қауымдастығына жеке алғысымды білдіремін. Кәсіби қауымдастықпен ынтымақтаса жұмыс істеу – біз үшін үлкен мәртебе. Басты мақсатымыз – балалар мен олардың отбасыларының өмір сапасын жақсарту», – деп атап өтті.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию