87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ажар Ғиният Сиянь қаласындағы (ҚХР) жетекші медицина орталықтарымен танысты

28–29 қарашада Қытайда өткен симпозиум аясында «Ұлттық балаларды оңалту орталығы»  Басқарма төрағасы Ажар Ғиният және әріптестері Сиань қаласындағы Тяньци университетінің Бірінші еншілес ауруханасының (160 орын) оңалту бөлімінің жұмысымен танысты. Делегация пациенттерді жүргізу жүйесін, кинезитерапия әдістерін, заманауи жабдықтарды және көпсалалы оңалту бағдарламаларын көріп, мамандармен пікір алмасты.

Тараптар ықтимал ынтымақтастық бағыттарын және практикалық тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар делегация Бірінші еншілес аурухананың Халықаралық госпиталінде (1600 орын) болды. Мұнда клиника магниттік және аз инвазивті хирургия саласындағы жаңалықтарды, сондай-ақ асқорыту, тыныс алу жүйелерінің туа біткен ақаулары және басқа да күрделі патологиялары бар балаларға жасалатын бірегей операцияларды таныстырды.

Хирургиялық араласулардың дәлдігі мен қауіпсіздігін арттыратын технологияларға ерекше көңіл бөлінді.

Бұл сапар кәсіби байланыстарды нығайтып, балалар хирургиясы мен оңалту саласындағы бірлескен жобаларға жаңа мүмкіндіктер ашты.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию