87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында

Ұлттық балаларды оңалту орталығында мазмұны терең мерекелік іс-шара өтті.

Бұл күні өз ісіне адалдық танытып, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі арқылы ерекшеленген мамандарымыз лайықты марапаттарға ие болды.

Салтанатты марапаттау рәсімін Орталықтың Басқарма төрағасы Ажар Ғиният өткізіп, сала дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге төмендегі марапаттарды арнайы табыстады:

  • «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
  • «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
  • Вице-министрдің Алғыс хаты
  • Басқарма төрағасының Алғыс хаты

Аталған марапаттар – мамандарымыздың күнделікті тынымсыз еңбегіне, кәсіби шеберлігі мен балалардың саулығы жолындағы жанқиярлық қызметіне берілген жоғары баға.

Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміздің денсаулығы жолындағы еңбектеріңіз абыройлы, қызметтеріңіз табысты болсын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию