Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Орталық педагогтарына Оқу-ағарту министрлігінің марапаттары табысталды
- Қаралды: 182
Орталық тарихында алғаш рет біздің педагог-мамандарымыз өз кәсіби саласы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік және ведомстволық марапаттарына ие болды.
Бұл – біз үшін айрықша мәнге ие жетістік.
Өйткені біздің педагогтарымыз дәрігерлермен бір сапта, бір мақсат жолында еңбек етіп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуы мен оңалуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Олар – білім мен тәрбиені ғана емес, үміт пен сенімді де сыйлайтын жандар.
Педагог-мамандарымыз келесі марапаттарға ие болды:
- «Еңбек ардагері» төсбелгісі
- «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі
- «Құрмет» грамотасы
- «Алғыс хат»
Осы орайда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне, сондай-ақ.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.
Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызына – педагогтардың еңбегін жоғары бағалап, кәсіби қызметіне қолдау көрсеткені үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, толағай табыс, мықты денсаулық және ел игілігі жолындағы еңбектеріне жаңа жетістіктер тілейміз!


