87085036573   

    ЖАҢАЛЫҚТАР

    Ұлттық балаларды оңалту орталығында Жаңа жылдық концерт

    Бүгін орталығымызда жыл соңындағы соңғы айналымның жабылуына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараның мақсаты – балаларға Жаңа жылдық көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

    Концерт барысында педагогтар мен мейірбикелер ерекше балаларға арнап арнайы шоу-бағдарлама ұсынды. Ән мен би, қызықты қойылымдар балалардың көңілінен шығып, мерекелік атмосфера қалыптастырды.

    Сонымен қатар мерекелік кештің арнайы қонағы – Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі болды. Танымал әншінің орындауындағы әндер көрермендерге ерекше әсер сыйлап, концерттің мазмұнын байыта түсті.

    Балалардың жүзіндегі шынайы қуаныш пен күлкі – ұжым үшін ең үлкен марапат.

    Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

    • 01
    • 02
    • 03
    • 04
    • 05
    • 06
    • 07
    • 08
    200.png
    © 2026 All Rights Reserved.
    Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию