Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма төрағасы Ажар Ғиният Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды
- Қаралды: 104
Жұмыс сапары аясында Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма төрағасы Ажар Ғиният және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Лариса Павловец Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты «Ақ-бұлақ» балалар оңалту орталығында болды. Сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі балаларды оңалту қызметінің ұйымдастырылуымен танысу, орталықтың жұмыс тәжірибесін зерделеу және кәсіби ұсынымдар беру.
Сапар барысында Ажар Ғиният орталық ғимаратына аралау жасап, бөлімдердің материалдық-техникалық базасымен танысты, көрсетіліп жатқан оңалту қызметтерінің барысын көрді. Сонымен қатар мамандармен кездесіп, оңалту үдерісін ұйымдастыру, кадрлық әлеуетті дамыту және қызмет сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Аралау қорытындысы бойынша балаларды кешенді оңалтуды жетілдіру, заманауи әдістерді енгізу және өңірлік деңгейде медициналық-әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында бірқатар ұсынымдар айтылды.
Ұлттық балаларды оңалту орталығы еліміздің барлық өңірлерінде ерекше қажеттілігі бар балаларға сапалы әрі қолжетімді оңалту көмегін дамытуға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыра береді.


