87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ажар Ғиният пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өңірде балаларды оңалту қызметін дамыту мәселелерін талқылады

Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма төрағасы Ажар Ғиният, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбекпен кездесті.

Кездесу барысында өңірде балаларды оңалту қызметін дамыту, медициналық-әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттыру және Ұлттық балаларды оңалту орталығының филиалдық желісін кеңейту перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, өңірдің қажеттіліктері мен инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, Ажар Ғиният орталықтың жаңа, заманауи әдістемелерін өңірлік мамандарға үйрету арқылы ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін оңалту көмегін уақытылы және қолжетімді ету мақсатын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ерекше балаларды оңалтудың заманауи үлгілерін өңірлік деңгейде дамыту және салалық бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

 

200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию