87085036573   

87085036573
Тіркеу бөлімі
87172511555, 87172511612
Тіркеу бөлімі
Тұран даңғылы, 36
Астана қаласы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық балаларды оңалту орталығында халықаралық тәжірибе алмасу өтті

Ұлттық балаларды оңалту орталығында Түркияның жетекші «Memorial Clinic» клиникасының мамандарымен кәсіби кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара халықаралық тәжірибе алмасу мен балаларды оңалту саласындағы заманауи әдістерді енгізуге бағытталды.

Шетелдік делегация құрамында балалар неврологы, сондай-ақ оңалту және физиотерапия мамандары болды.

Бағдарлама аясында мамандар бірқатар өзекті тақырыптар бойынша мазмұнды дәрістер оқыды. Атап айтқанда, балалардағы резистентті эпилепсияны емдеудің заманауи тәсілдері (кетогендік диета, нейростимуляция, эпилепсия хирургиясы) және церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың тиімді әдістері талқыланды.

Сонымен қатар, шетелдік қонақтар орталықтың жұмысымен танысып, отандық дәрігерлермен бірлесіп ем қабылдап жатқан балаларға кәсіби консилиум өткізді. Күрделі клиникалық жағдайлар қарастырылып, емдеудің тиімді жолдары ұсынылды.

Халықаралық ынтымақтастық балаларды оңалту қызметінің сапасын арттыруға, озық тәжірибелерді енгізуге және мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
200.png
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.
Whatsapp Instagram YouTube Запись на консультацию